Umami балмұздақ бренді Қазақстанның бай гастрономиялық дәстүрлеріне арналған жаңа дәм топтамасы шыққанын мақтанышпен хабарлайды. Бұл кейінгі жылдары байқалған қазақ мәдениеті мен ұлттық бірегейлікке деген қызығушылықтың артуын, ата-баба мұрасын қазіргі қалалық өмірде – музыка, сән және гастрономия арқылы қайта жаңғырту үрдісін көрсетеді.
Жаңа дәм топтамасы дәстүрлі Қазақстандағы ингредиенттерді заманауи үлгіде ұсынады. Идея берген және рецепт авторы – брендтің тең құрылтайшысы, технолог әрі халықаралық деңгейдегі джелатерье Оксана Ким-Флайоск. Оксана Франция мен Италияда білім алып, гастрономия саласында мол тәжірибе жиған.
Маған оқиға желісін дәм арқылы жеткізген ұнайды. Тек қарапайым десерттерді емес, әр ингредиенті оркестрдегі аспап сияқты рөл атқаратын күрделі, көп қабатты композиция жасауды ұнатамын. Тарихтан шабыт іздеп, классиканы құрметпен интерпретациялап, авторлық көзқарасымды қосамын. Мысалы, тәтті мен тұздыны үйлестіріп, гастрономиялық үйлесімнің шыңына жетемін, — Оксана Ким-Флайоск.
Жаңа топтаманың үш ерекше дәмі бар: «Кілегей қосылған құрт» – құрттың тұзды дәмі мен сүтті негіздің үйлесімі, «Тары мен талқан» – сүтті шай мен қуырылған тарының үйлесімі, «Балқаймақ пен ірімшік» – балқаймақтың қышқылтым дәмі мен ірімшіктің карамель тәттісі.

Umami жаңа балмұздақ топтамасын әзірлегенде дәмнің мінсіз теңгерімі, жасанды қоспасыз таза ингредиенттерді қолдану және жергілікті шикізат жеткізетіндерге басымдық беру сияқты қағидаттарына берік болды.
Umami балмұздақ топтамасы — дәстүрлі қазақ дәмінің заманауи инновациялармен үйлесіп, ерекше гастрономиялық әсер сыйлай алатынының жарқын мысалы.
Біз командамен бірге тұтынушыларға жай өнім емес, дәм арқылы шынайы саяхат ұсына алатынымызды мақтан етеміз. Әркім заманауи десертке айналған дәстүр арқылы Қазақстанмен байланысты сезсе, оны жаңа қырынан тани алса дейміз. Бұл балмұздақ – мәдениетті сақтай отырып, жаңашылдыққа ашық болудың және таныс дәмдермен тәжірибе жасаудың символы, – деп айтты Umami брендінің тең құрылтайшысы Ксения Шенцова.
Жаңа топтаманың тұсаукесері баспасөзге арналған таныстырылыммен қатар өтті. Іс-шарада этнограф Айгерім Мұсағажинова әсерлі баяндама жасады, ол қонақтарға осы дәстүрдің тарихи тамыры туралы ғана емес, олардың бүгінгі күні қалай өмір сүріп, өзгеріп, заманауи мейрамханалар мен кафелердің мәзіріне енетіні жайлы әңгімеледі.
Дәстүрлі қазақ тағамы жай ғана ас емес, біздің мәдениетіміздің, қонақжайлығымыздың және табиғи ресурстарға деген құрметтің көрінісі. Жаһандану ықпалына қарамастан, біздің бірегей гастрономиялық дәстүрімізді сақтап, дамыту маңызды. Бұл дәстүрді сақтап, жаңарту – ата-бабамызбен және болашақ ұрпақпен байланысымыз, – деді этнограф Айгерім Мұсағажинова.
Umami бренді — Алматыдан шыққан балмұздақ бренді. Ол ингредиенттердің сапасына деген ымырасыз көзқарасы және дәм үйлесіміндегі бірегейлігімен танымал. Брендтің миссиясы – шын ниетпен балмұздақ жасау арқылы жарқын гастрономиялық әсер сыйлау.