Мемлекет басшысы халықтың Шымкентте Мәдениет және өнер университетін ашу жөніндегі ұсынысын қолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Президенттің Шымкенттегі іс-сапарында жұртшылық қалада Мәдениет және өнер университетін ашуды ұсынған. Қасым-Жомарт Тоқаеы ұсынысты қолдап отыр.
Президент қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға тиісті тапсырма берді, — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев іс-сапарлап Шымкенте жүр. Ақорда президент қандай мекмелерді аралап көргенінен хабар таратып жатыр.