Мәжіліс депутаттары үкімет ұсынған салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Екінші оқылымға дейін оған басқа да ұсыныстар енгізілуі мүмкін.
Кодекс аясында қызу талқыға түскен мәселелердің бірі — қосымша құн салығы. Оның ең жоғары мөлшері 16% болады. Ал қосымша құн салығын төлеу шегі 40 миллион теңге көлемінде белгіленіп отыр. Ол жағынан үкімет мәжілістің ұсынысымен келісті. Сонымен қатар қосылған құн салығынан босатылатын салалар анықталды.
Салық реформасы аясында жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі қатаңдатылады.
Бүгін премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «сән-салтанат салығын» енгізу тәртібін де түсіндірді. Бұдан бөлек, жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемесі болады.
Үкімет салық кодексінде үш арнаулы салық режимін ғана қалдаруды ұсынып отыр.
Мәжіліс депутаттары үкімет ұсынған салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Екінші оқылымға дейін оны әлі де талқылайды.