Алматыда жол-көлік оқиғасы екі адамның өмірін қиды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
ПД мәліметінше, жол апаты 9 сәуір сағат 1:30 шамасында Алатау ауданында болған. Мотоцикл жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатып, алдымен жеңіл көлікке соқтығысқан. Кейін қозғалысы тоқтамаған күйде жол жұмыстарын жүргізіп жатқан үш жұмысшыны (екі ер, бір әйел адам) қағып кеткен.
Өкінішке қарай, екі ер адам оқиға орнында қаза болды. Ал әйел ауыр халде қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Полицияның анықтау басқармасы екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғады, — делінген хабарламада.