Басты бет Жаңалықтар Биыл жүргізушілер қай ақылы жолмен көп жүрген?

Биыл жүргізушілер қай ақылы жолмен көп жүрген?

Фото Facebook-тегі "Дороги Казахстана" парақшасынан алынды
Көлік жүргізушілер 2025 жылдың басынан бері ақылы жолдар арқылы 12 миллион реттен астам жүріп өткен.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.

Төменде ақылы жолдар бойынша тізім ұсынылған және олардың қаншалық маңызды жол екеніне қысқаша сипаттама берілген: 

  1. Шымкент – Өзбекстан шекарасы (1,98 миллион)

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы негізгі байланысты қамтамасыз ететін ең ірі бағыттардың бірі.

  1. Алматы – Қонаев (1,88 миллион)

Оңтүстік өңірге және Алматының таулы аймақтарына саяхаттағысы келетін туристер үшін маңызды күре жол.

  1. Шымкент – Тараз (1,2 миллион)

Оңтүстіктегі екі ірі қаланы байланыстырып, іскерлік сапарларды және өңірдегі туризмді дамытуға септігін тигізеді.

  1. Тараз – Қайнар (1,02 миллион)

Жол уақытын қысқартып, жүк тасымалын жеңілдететін маңызды бағыт.

  1. Шымкент – Қызылорда (970 мың)

Тауарды тез тасымалдауға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыт. 

  1. Алматы – Қорғас (929 мың)

Қытаймен халықаралық дәліздің маңызды бөлігі, шекара маңындағы сауданы жандандырады.

  1. Астана – Теміртау (768 мың)

Астананы өнеркәсіп орталықтарымен байланыстырып, орталық өңірдің экономикасы өсуіне ықпал етіп отыр.

  1. Қонаев – Талдықорған (712 мың)

Аймақтағы шағын және орта бизнестің дамуына және іскерлік қатынас үшін маңызды.

  1. Щучинск – Көкшетау (613 мың)

Ішкі туризмнің әлеуеті артуына үлес қосатын бағыт.

  1. Астана – Щучинск (609 мың)

Елорда мен курорттық аймақты байланыстырып, сауықтыру және спорт туризмін дамытып отыр.

Көліктер жиі жүретін тағы 10 ақылы жолды мына жерден білуге болады.

Ақылы жолдар жылдам қозғалысты дамытып, қалалар мен көрші мемлекеттер арасындағы тұрақты байланысты нығайтып, сауда, туризм және өнеркәсіптің дамуына ықпал етеді.

Exit mobile version