Басты бет Жаңалықтар Алматыда жылу қашан өшірілетіні белгілі болды

Алматыда жылу қашан өшірілетіні белгілі болды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыда 10 сәуірден бастап әлеуметтік нысандар мен қала тұрғындарының үйлерінде жылу кезең-кезеңімен өшіріледі.

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлап отыр.

Ерболат Досаев жылыту маусымын аяқтау және 2025-2026 жылдардағы келесі жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Әкімдіктің мәліметінше, 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымы қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Барлығы 404 білім беру нысаны, 128 денсаулық сақтау мекемесі мен 8 863 тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтылған.

Жылыту маусымына дайындық және өткізу қағидалары бойынша, Алматыда күнтізбелік бес күн ішінде гидрометеорологиялық қызметпен тіркелген орташа тәуліктік ауа температурасының +8 градустан және одан жоғары болуына байланысты жылыту маусымын тоқтату туралы шешім қабылданды. Жылу 10 сәуірде – алдымен әкімшілік ғимараттарда, білім беру мекемелерінде, мәдениет нысандарында, одан кейін тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда сөндіріледі. Биыл ұзындығы 39 шақырым жылу желілерін қайта жаңғырту жоспарда. Қазір жылу желілері 56,1% тозған, қабылданған шаралар арқылы бұл көрсеткішті 54,9%-ке дейін төмендету көзделген, — делінген хабарламада.

Exit mobile version