Басты бет Жаңалықтар Маңғыстау облысында 11 оқушы уланып қалды

Маңғыстау облысында 11 оқушы уланып қалды

Фото: Egemen.kz
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 11 оқушы астан уланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлап отыр.

1 сәуірде сағат кешкі 7 мен түнгі 11 аралығында 11 бала жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.

Бейнеу аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне құсу, әлсіздікке шығымданған балалар келіп түсті. Дәрігерлердің қарауынан кейін барлық бала үйлеріне жіберілді. Ауруханаға жатқызылғандары жоқ, — делінген хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта балалардың денсаулығы бірқалыпты, амбулаторлық бақылауда.

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жедел тексеру бастады. Азық-түлік сынамаларын зертханалық зерттеулерге алып, тиісті санитариялық профилактикалық іс-шаралар жүргізіп, оқиғаның неден болғаны анықтап жатыр, — делінген хабарламада.

Exit mobile version