«Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана мен Алматы арасында қатынайтын № 4/3 және № 10/9 «Тальго» пойыздарының қозғалыс бағытына өзгерістер енгізілгенін хабарлап отыр.
2025 жылғы сәуір айынан бастап бұл пойыздар Шу станциясына тоқтамай, тікелей маршрутпен қатынайды.
Шу станциясы — теміржол желісіндегі тораптық маңызы бар нысан және мұнда локомотив ауыстыру жұмысы талап етіледі. Өзгеріс логистиканы оңтайландыруға, сонымен қатар Астана мен Алматы арасындағы жол жүру уақытын қысқартуға бағытталған. Сонымен қатар Шу станциясында жолаушылар легінің төмендігі де ескерілген.
Шу станциясында отырғысы немесе түскісі келген жолаушылар үшін балама бағыттар қарастырылған. Бұл бағыттарда стандартты вагондардан құралған әлеуметтік маңызы бар пойыздар, сонымен қатар келесі «Тальго» құрамдары қатынайды:
Астана мен Шу арасындағы пойыздар:
- № 72/71 «Астана—Шымкент»
- № 86/85 «Астана—Шымкент»
Шу мен Алматы арасындағы пойыздар:
- № ½ «Ташкент—Алматы»
- № 11/12 «Шымкент—Алматы»
- № 25/26 «Шымкент—Алматы»
- № 27/28 «Орал—Алматы»
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардан енгізілген өзгерістерге түсіністікпен қарауды және келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, — делінген хабарламада.