Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында жылыту қазандығы жарылып, бір адам қаза болды

Ақмола облысында жылыту қазандығы жарылып, бір адам қаза болды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Ақмола облысында жылыту қазандығы жарылып, бір адам қаза болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр.

Оқиға Щучинск қаласындағы моншада болған. Жарылыс салдарынан 63 жастағы ер адам термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілді. Кейін науқас көз жұмды, – делінген хабарламада.

Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Exit mobile version