Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29, 30 және 31 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері де кең ауқымды антициклон Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне әсерін сақтайды. Бұл өңірлерде күн шуақты болады.

Елдің батысында, оңтүстігінде фронтальды бөлімдер әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауады, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, сонымен қатар тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады, — делінген хабарламада.

Exit mobile version