Басты бет Жаңалықтар Brent мұнайы $28 долларға дейін арзандады

Brent мұнайы $28 долларға дейін арзандады

Сәрсенбі Америка нарығындағы мұнай қоры туралы есептің жариялануы қарсаңында мұнай бағасы төмендеп кетті. Аталмыш есепте қордың ұлғайғандығы жария етілуі мүмкін, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.

Brent маркалы мұнай баррелінің наурызға фьючерстерінің бағасы ICE Futures лондондық биржада Астана уақытымен сағат 11:00-ге қарай 1,75% арзандап 28,26 доллар болды.

WTI мұнайының бір баррелінің ақпандағы фьючерстік бағасы Нью-йорк тауар биржасында (NYMEX) 2,74% төмендеп, $27,68 болды.

Халықаралық энергетикалық агенттік (МЭА) ай сайынғы шолуында «нарыққа Иран шыққандықтан және шикізатқа сұраныс қарқынының баяулауына байланысты мұнай ары қарай арзандайды» деп болжап отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version