Басты бет Жаңалықтар Алматыда қанша мопед тіркелді?

Алматыда қанша мопед тіркелді?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Алматыда барлығы 4 343 мопед тіркелді. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Экстерриториялық принцип бойынша, яғни Алматыда жүрген басқа облыстардың 1 742 мопеді тіркелді.

5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтер айып тұрағына қойылады, ал олардың иелері Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 5 сәуірден бастап мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушысы болып саналады, заң талаптарын орындамаған мопед иелері жауапқа тартылады.

Exit mobile version