Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ел аумағында 27 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын кең ауқымды антициклон анықтайтын болады.

Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райын орнығады. Тек республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен түнгі уақытта жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, күндіз жаңбыр жауады, оңтүстікте қатты жаңбыр күтіледі, — делінген хабарламада.

ҚР шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында жел күшейеді, шығыста, оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Exit mobile version