Басты бет Жаңалықтар Үкіметте жаңа министр ант қабылдады

Үкіметте жаңа министр ант қабылдады

Фото: Рrimeminister.kz
Үкімет отырысында жаңадан тағайындалған энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ант берді.

Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, — деді Ерлан Ақкенженов.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған министрге сәттілік тіледі.

Осыған дейін бұл лауазымды Алмасадам Сәтқалиев атқарған еді. Ол енді атом энергиясы жөніндегі агенттікті басқарады.

Exit mobile version