Басты бет Жаңалықтар Батыс Қазақстанда үшінші рет дрон құлады

Батыс Қазақстанда үшінші рет дрон құлады

Тасқалаға құлаған дрон. Фото: JambylInfo
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектері табылды. Бұл туралы БАҚ жазып жатыр.

Облыстық полиция белгісіз аппарат елдімекендерден шалғай жерге құлағанын айтқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл – Қазақстан аумағына құлаған үшінші дрон.

Естеріңізге сала кетейік, 18 наурызда бір дрон Тасқала ауданынан табылған. Қазақстан билігі дронның нақты кімге тиесілі екенін айтпады.

Exit mobile version