Басты бет Фотогалерея Фоторепортаж: Алматы халқы Наурызды қалай тойлап жатыр?

Фоторепортаж: Алматы халқы Наурызды қалай тойлап жатыр?

Фото: Нұрназар Әмзе
Қазақстан халқы Наурызды 10 күн тойлайды. Мереке 14 наурыз Көрісу күнінен басталып, 21 наурыздағы Наурыз мейрамына ұласып, 25 наурызға дейін тойланады. Алматы халқы мейрамды қалай тойлап жатқанын көрсететін фоторепортаж ұсынамыз.

Биыл қала халқы қыдырып, спорт сайыстарын тамашалайтын, жәрмеңке мен түрлі қызық көретін бірнеше алаң безендірілген. Олар — «Көктөбе» паркі, Абай алаңы, жаяу жүретін Панфилов көшесінің бойы, Арбат және Астана алаңы. Оған қоса мейрамға арналған іс-шаралар мегаполистің барлық ауданында өтіп жатыр. Қала театрлары мен цирк қайырымдылық қойылымдарын қойып жүр. Ал ірі концерт залдарда өзіміздің және шетелден келген әншілердің концерті өтеді. Жалпы, Алматыда Наурызнама онкүндігі аясында 100-ден астам іс-шара өтеді.

Негізгі концерт 21 наурыз күні әдеттегідей Астана алаңынан басталды. Алаңда «Алматы Наурыз құшағында» деген концерт өтті.

Наурыз, халық
Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе

Сахнадағы аңыз ансамбль «Дос-Мұқасан», Майра Мұхамедқызы, Жанар Айжанова, Өмірқұл Айниязов, Жанболат пен Жазира, «КешYou» тобы, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев және тағы басқа әртістер ән шырқады.

Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе

Концерт көруге барғандардың ішінде де танымал адамдар бар. Асанәлі Әшімов пен спортшы Дмитрий Баландинді байқап қалдық. Екеуі де иыққа ұлттық шапанды іле шығыпты.

Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе

Сахнаға «Алатау» ұлттық өнер театры әртістері, «Алматы әуендері» солистері, «Жаңа ғасыр» театры мен «Сазген сазы» фольклор-этнографиялық ансамблі әртістері де өнер көрсетті.

Фото: Нұрназар Әмзе

Ал Абай алаңында 21 наурыздан бастап Nauryz Fest өтіп жатыр. Мәдени мұра мен заманауи технологияларды біріктірген фестте спорт ойындары көрсетіліп, қолөнершілер жәрмеңкесі ашылған. Алаңға фотоаймақтар мен арт-объектілер қойылған.

Фото: Нұрназар Әмзе

Республика сарайы алдында креатив түрде жасалған сәнді киіз үйлер бар. Мысалы, «Рухани мұра» киіз үйі Абай, Жамбыл, Дина сияқты тұлғалар тартқан домбыраның сипатын көрсетеді. Онда күйшілер күй тартады. Қонақтар «Алматыға саяхат» киізүйінде қала панорамасы мен сұлу жерлерін виртуал форматта көре алады.

Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе

Алаңға алтыбақан да қойылған. Жастар алтбықанға кезек-кезек тербеліп жүр.

Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе

Бұл алаңда қолөнершілердің үлкен жәрмеңкесі де бар. Қалаған адам ұсталардың ағаш жонып, күміс соққанын, тері илегенін тамашалап тұра алады.

Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе

Әр киіз үйге кірген адам киім тігіп, саздан құмыра жасап, ою-өрнекті әшекей бұйым жасап көре алады. Тіпті, ұлттық аспаптарды тартып көруге де болады.

Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе

Наурыз көруге келген қонақтар ұлттық киім киіп, бүркіт ұстап фотоға түсіп те жатыр.

Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе

Халық арасынан Наурыз тойлайтын елдерден басқа халықтардың да ұлттық киімін киіп жүргендерді көрдік. Соның бірі — Қытайдың ұлттық киімін киген жігіт.

Фото: Нұрназар Әмзе

Балалар әрі мейрам деп әрі демалыс деп алаңда асыр салып ойнап жүр.

Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе

Фест 25 наурызға дейін созылады.

Exit mobile version