Басты бет Жаңалықтар Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы өмірден өтті

Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы өмірден өтті

Болат Бопайұлы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, этнограф-ғалым, тарихшы Болат Бопайұлы өмірден өтті.

Бұл туралы әлеуметтік желіде белгілі журналист Біләл Қуаныш хабарлап отыр.

Болат Бопайұлы 1960 жылғы 1 қаңтарда ҚХР Шыңжаң өлкесі, Алтай аймағында дүниеге келген. Әр жылдары Қазақ радиосында, Қазақстан телеарнасында редактор, сценарист қызметін атқарған. Қазақ этнографиясы тақырыбында 30-дан астам кітап жазған. ҚР «Мəдениет үздігі» төс белгісінің иегері, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы.

Exit mobile version