Басты бет Жаңалықтар Еgov және бірқатар электрон қызметтер уақытша істемейді

Еgov және бірқатар электрон қызметтер уақытша істемейді

Фото: Baribar.kz
20 наурыз күні сағат 23:00-ден 21 наурыз сағат 08:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты, eGov және бірқатар электрон қызметтер уақытша істемейді.

Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлап отыр.

Уақыт аралығы пайдаланушылардың ең аз белсенділігі ескеріле отырып таңдалды, бұл мүмкін болатын қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрон сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:

  • eGov.kz порталы мен eGov mobile мобайл қолданбасы («Цифрлық құжаттар» сервисін қоса алғанда);
  • e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;
  • «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
  • Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобайл қолданбаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.

Осыған байланысты, «ҰАТ» АҚ барлық қажет операцияларды алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынады.

Exit mobile version