Басты бет Жаңалықтар Жамбыл облысында инфекция жұқтырған 10 бала ауруханаға түсті

Жамбыл облысында инфекция жұқтырған 10 бала ауруханаға түсті

Фото: Vistanews.ru
Жамбыл облысы, Меркі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 10 бала түскен. Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлап отыр.

Ауруханаға түскен балалар — Меркідегі «Нұрай» мектепке дейінгі білім беру орталығының тәрбиеленушілері.

Балалардың тоғызында ішек, біреуінде энтеровирустық инфекция анықталған. Орталықтың жұмысы екі күнге тоқтатылды. Қазір дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.​​

Қазіргі кезде бір жасөспірім жансақтау бөлімінде, жағдайы бірқалыпты.

Аурудың неден шыққаны анықталып жатыр. Құзырлы органның тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады.

Exit mobile version