Алматы көшелерінде бірнеше күнге көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
19-23 наурыз аралығында Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі жабылады. Оған байланысты бұл күндері 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіледі.
Бұл №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 бағыттары. Астана алаңын шығыс бағытында Қабанбай батыр көшесі арқылы, батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өтетін болады. Ал №16 және 126 бағыттар бұл аумақты Гоголь көшесі арқылы айналып өтеді, — делінген хабарламада.