Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Жапонияның сыртқы істер министрі Фумио Кисидоның кездесуі барысында мәлім болды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің басшысы жапон әріптесін Қазақстанның сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік саясатының басымдықтарымен таныстырды.
Жапония министрі екіжақты форматтағы өзара әрекеттесуді қозғау кезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының, соның ішінде еліміздің көліктік-транзиттік әлеуетінің тартымдылығы мен оның өзектілігін атап өтті. Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінде Жапония өзінің жаңа технологиялық зерттеулерін ұсынады.