Басты бет Жаңалықтар Қар көшкіні: Шығыс Қазақстандағы жолдардың бірі жабылады

Қар көшкіні: Шығыс Қазақстандағы жолдардың бірі жабылады

Фото: Tengrinews.kz
Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде жасанды жолмен қар көшкіні түсіріледі. Бұл туралы ШҚО ТЖМ хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, күн күрт жылытып, қар жылдам ери бастағандықтан өңірдің таулы жерлерінде көшкін жүру қаупі артқан.

Соған байланысты 17 наурызда сағат 10-00-де Катонқарағай ауданындағы жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» тасжолының 9-17 шақырымындағы тау бөктерінде жарылыс жасалып, қар көшкіні түсіріледі. Сондықтан аталған жол учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабық болады. Көлік жүргізушілерінен өз бағытын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, — делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобайл қолданбасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Exit mobile version