Басты бет Жаңалықтар Президент боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Президент боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Фото: Нұрғали Жұмағазы
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазды мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.

Айта кетейік, Назым Қызайбай қазақстандық боксшылардан алғаш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды.

Exit mobile version