Қызылорда мектептерінде конкурсқа байланысты мұғалімдерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар бұрмаланған.
Білім беру ұйымдары азаматтарды мұғалім ретінде жұмысқа қабылдау туралы жалған бұйрықтар шығарып, еңбек кітапшаларына мәліметтер енгізген. Педагог ретінде конкурссыз жұмысқа орналасуға жағдай жасалған.
Қала прокуратурасымен екі мектеп директорына қатысты қызметтік жалғандық жасау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 369-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, нәтижесінде Қызылорда қаласының №2 сотымен бір жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды, — делінген прокуратура хабарламасында.