Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні жүргізілді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
«Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары бақылау жүргізгеннен кейін профилактикалық қар көшкінін түсіру туралы шешім қабылданды. ШҚО ТЖД қызметкерлері жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
«Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолындағы тау бөктерінде бірнеше жарылыс жасалды. Соның нәтижесінде барлығы 5100 текше метр қар түсірілді. Қар жолды толықтай жауып қалды. Техника бірден жолды қардан тазартты, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, өңірде қар көшкіні қаупі бар кезеңнің басынан бері 59 рет профилактикалық көшкін жүргізілді. Барлығы 51 465 текше метр қар түсірілген.