Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев кинотеатрда көрсетілетін фильмдердің сапасына тоқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев кинотеатрда көрсетілетін фильмдердің сапасына тоқталды

Фото: Etoday.kz
Мемлекет басшысы фильмді кинотеатрға шығармас бұрын алдын ала сүзгіден өткізу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Ұлттық құрылтайдың бүгінгі отырысында президент кинотеатрда көрсетілетін фильмдердің сапасына тоқталды.

Былтыр қазақстандық мамандар түсірген 94 фильм шыққан, яғни, негізінен өзіміздің өнім шығарылып жатыр. Бұл – жақсы үрдіс. Бірақ біз ең алдымен санға емес, сапаға көңіл аударуымыз керек. Көрерменнің көңілін көтеріп, күлкі сыйлау – бір бөлек, жағымсыз әдеттерді насихаттау – бір басқа, — деді президент.

Оның айтуынша, зорлық-зомбылықты, қатыгездік пен қылмысты насихаттайтын фильмдер де пайда болған. Осы жерде бір нәрсені ескерген жөн.

Бүгінде фильмдердің басым көпшілігі мемлекеттік тапсырыспен емес, жеке қаржыға түсірілуде. Кино маңызды идеологиялық құрал екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Сондықтан жеке қаржыға түсірілсе де, фильмді кинотеатрға шығармас бұрын алдын ала сүзгіден өткізу жолдарын қарастырған жөн, — деді пезидент.

Осы орайда мемлекет басшысы «Шоқан. Қашқария сапары» мультфильмін жоғары бағалады.

Бұл өскелең ұрпаққа әйгілі тарихи тұлға Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беретін өте жақсы туынды деп айтуға болады. Қазақ тілінде ұлттық нақышта түсірілген осындай мультфильмдер көп болуы қажет. Бұл – ұлт болашағына тікелей ықпал ететін мәселе. Сондықтан анимацияны дамыту мәселесін қолға алу керек, — деді мемлекет басшысы.

Exit mobile version