Басты бет Жаңалықтар Қазақстан сырттан жұмыртқа әкелуге уақытша тыйым салады

Қазақстан сырттан жұмыртқа әкелуге уақытша тыйым салады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Қазақстан ЕАЭО-дан және үшінші елдерден тауық жұмыртқасын әкелуге жарты жылға тыйым салуға ниетті.

Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығында айтылған.

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқасының транзитін, сонымен қатар олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан арқылы өтуін қоспағанда, үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен көліктің барлық түрлерімен, — делінген бұйрықта.

Ведомствоның мәліметінше, бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Жұмыртқаларды әкелуге тыйым салуды енгізу Қазақстандағы жұмыртқа саласының дамуына оң әсер етеді және баға белгілеудің ашық тізбегін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Еліміздің батыс өңірлерін қамтамасыз ету үшін Меморандум шеңберінде басқа өңірлерден жұмыртқа жеткізу мүмкіндігі бар, онда нарыққа қатысушылардың саны реттеледі және бағаның жоғарғы шегі белгіленеді. Бұл өндірушілерге қысым жасап, көтерме саудагерлер жиі қолданатын алыпсатарлықтың алдын алады, — делінген хабарламада.

Бұйрық жобасы 20 наурызға дейін талқыланады, ал егер қабылданса, тыйым 2025 жылғы сәуір айынан қыркүйекке дейін күшіне енеді.

Exit mobile version