Басты бет Жаңалықтар Риддер тұрғындары жаңа жұмыс кестесіне ауысты

Риддер тұрғындары жаңа жұмыс кестесіне ауысты

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Риддерде мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен әлеуметтік қызметтердің жұмыс кестесі өзгерді. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

14 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан облысының Риддер тұрғындарының жұмыс күні бір сағатқа ертерек – таңғы 08:00-де басталып, 17:30-ға дейін жалғасады. Түскі үзіліс уақыты 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленді.

Қалалық әкімдік бұл өзгерістің басты мақсаты – еңбек процесін оңтайландырып, жұмыс тиімділігін арттыру екенін атап өтті.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының 11 ауданы жаңа жұмыс кестесіне көшті, біз де бұл бастаманы қуана қолдадық. Жұмыс уақытының өзгеруі – күн тәртібін ыңғайлы әрі өнімді етуге жасалған қадам. Енді тұрғындардың энергиясы үнемделіп, таңғы уақыт тиімді пайдаланылады. Сонымен қатар күндізгі жарықта көбірек іс тындыруға мүмкіндік бар, – деді Риддер әкімінің орынбасары Болат Ақужанов.

Оның айтуынша, бұл өзгерістер жұмыс істейтін азаматтар мен олардың отбасылары үшін де пайдалы болмақ.

Еске салайық, 2025 жылғы қаңтардан бастап Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданы жаңа жұмыс уақытына көшті.

Exit mobile version