Басты бет Жаңалықтар Бірқатар өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Бірқатар өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
2025 жылғы 14 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша үш облыстағы 16 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.

Ақмола облысы:

  • «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 856-893 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы-Новокиенка ауылы);
  • «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 553-595 шақырым аралығы (Сұрған ауылы Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін);
  • «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан-Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін);
  • «Астана-Петропавл» автожолының 252-291 шақырым арылығы (Ақылбай ауылы-Көкшетау қаласы);
  • «Астана-Петропавл» автожолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы-СҚО шекарасы.);
  • «Көкшетау айналма жолы» 0-18 шақырым аралығы;
  • «Көкшетау-Омбы» автожолының 2-50 шақырым арылығы (Көкшетау қаласы-СҚО шекарасы).

Қостанай облысы:

  • «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 108-218 шақырым аралығында (Әулиекөл ауылы-Октябрьское ауылы);
  • «Астана–Атбасар–Жақсы–Рузаевка–Сарыкөл–Қостанай–РФ шекарасы» автожолының 686-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы-СҚО шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • «Астана–Атбасар–Жақсы–Рузаевка–Сарыкөл–Қостанай–РФ шекарасы» автожолының 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы-Тоқсан би ауылы);
  • «Астана–Атбасар–Жақсы–Рузаевка–Сарыкөл–Қостанай–РФ шекарасы» — автожолының 797-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы-Ақмола облысы шекарасы);
  • «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 595-673 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы-Тоқсан Би ауылы);
  • «Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасы» автожолының 0-32 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы-Тимирязево ауылы);
  • «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 61-196 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы-Рузаевка ауылы);
  • «Қарасай батыр м.к. кіреберіс» автожолының 0-24 шақырым аралығы (Саумалкөл ауылы-Қарасай м.к.);
  • «Астана-Петропавл» автожолының 341-367 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы-Келлеровка ауылы);
  • Көкшетау-Омбы» автожолының 50-85 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы-Чкалова ауылы;).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 197 техника мен 297 маман жұмылдырылды.

Exit mobile version