Басты бет Жаңалықтар Су тасқынына дайындық: 239 шақырым өзен арнасы тазартылды

Су тасқынына дайындық: 239 шақырым өзен арнасы тазартылды

Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасын тазарту, кеңейту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді.

Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлап отыр.

Тазартылғандар ішінде Ертіс өзенінің 27,4 шақырымы, Қиғаш өзенінің 73,7 шақырымы, Нұраның 1,1 шақырымы, Жайықтың 51,5 шақырымы және Жем өзенінің 85,5 шақырымы тазартылды.

Жалпы министрлік өзен учаскелерін санациялаудың кешенді жоспары аясында 2027 жылға дейін 10 облыста жалпы ұзындығы 815 шақырым болатын 51 өзен арнасын және бір көлді тазарту жұмыстары қарастырып жатыр.

Бұдан бөлек, «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің бірқатар өңірінде 1 147 шақырым каналды механикалық тазартудан өткізіп, 230 су құрылысын жөндеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің 10 облысында жаңадан коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыс-жайларды пайдалануға жауапты мамандандырылған ұйымдар құрылды. Олардың балансына 809 нысан қабылданды. 931 маман жұмысқа алынып, 203 техника берілді, — деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Былтыр 36 жылда алғаш рет Ақтөбе су қоймасына кешенді реконструкция жасалды. Ал Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы 58 жылда бірінші рет жөнделді.

Exit mobile version