Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде шіріген ағаштарды кесу жұмысы неліктен ұзаққа созылатынын түсіндірді.
Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта әр ағашты кесу үшін оған толықтай зерттеу жүргізіледі. Сондықтан қураған ағаштарды кесу жұмысының уақыты ұзарған.
Ағаштарды кесу жұмысы әрдайым дау тудырады. Біреу оны қолдайды, басқа адам қарсы болады. Қазір біз әр ағашқа егжей-тегжейлі зерттеу жүргіземіз. Өйткені «сау ағаштар кесілді» деп бізді кінәлайтындар көп болды. Біз ережелерде бұл сұрақтардың бәрін бекіттік. Енді жер кішкене кепсе, өткен жылы түскен өтініштер бойынша жұмыстарды бастаймыз, — деді әкім.