«Өскемен–Алтай–Үлкен–Нарын–Катон-Қарағай–Рахман қайнары» тасжолының учаскесінде (62–64 км) жалпы көлемі 4 000 текше метр болатын бес қар көшкіні тіркелді.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.
Қазіргі уақытта жолды тазарту жұмыстарына алты техника мен 10 маман жұмылдырылып, көлік қозғалысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.
Қосымша қар көшкіндерінің алдын алу мақсатында 2025 жылғы 13 наурыз сағат 10:00-де ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары жару жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты көлік қозғалысын ашу уақыты 13 наурыз сағат 18:00-ге шегерілді.