Жетісу облысында табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы парамен ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлап отыр.
Шенеунік 2025 жылға арналған электр энергиясының тарифі мен тарифтік сметасын көтергені үшін «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басшысынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.
Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты жария етілмейді.