Басты бет Жаңалықтар Маңғыстауда 30-ға жуық итбалық теңізге жіберілді

Маңғыстауда 30-ға жуық итбалық теңізге жіберілді

Фото: https://ru.wallpaper.mob.org/pc/image/animal-seal-baby_animal-422352.html
Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауындағы итбалықтардың мониториң жалғасып жатыр.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мониториңді Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдерімен және «Микробиология және вирусология» ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіп жатыр. Каспий теңізінің жағалау жиегіне мониториң жүргізді.

Қазіргі уақытта ауа райы жақсарды және итбалықтардың көпшілігі табиғи ортаға өздігінен оралды. Іздеу жұмыстары барысында мамандар 30-ға жуық жас итбалықтарды тауып, жинап, суға жіберді, — деп жазылған хабарламада.

Мониториңді жалғастыру үшін 2025 жылғы 12 наурызда жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өңірге ұшақпен шолу жоспарланған. Негізгі мақсат-теңізден едәуір қашыққа кеткен итбалықтарды анықтау.

Exit mobile version