Басты бет Жаңалықтар Президент Дариға Тілендиеваның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Президент Дариға Тілендиеваның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Фото: Akorda.kz
Кеше Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өткені белгілі болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, — делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артисі, актриса, композитор Дариға Тілендиева 79 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Exit mobile version