Басты бет Жаңалықтар Шымкенттік кәсіпкер салық төлемегені үшін сотталды

Шымкенттік кәсіпкер салық төлемегені үшін сотталды

Фото: Ya-profi.ru
Шымкентте кәсіпкер 260 миллион теңгеден астам салықты төлемегені үшін екі жыл алты айға шартты түрде сотталды.

Бұл туралы қала прокуратурасының сайты хабарлап отыр.

Жоғарғы сот мемлекеттік кірістер органдарының 263 миллион теңгеден астам салықты төлеуді міндеттеген хабарламасын заңсыз деп тапқан апелляциялық соттың қаулысын жою туралы прокурордың кассациялық өтінішхатын қанағаттандырды.

Осы факті бойынша қала прокуратурасы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 245-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап (ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару), қылмыстық істі сотқа жолдаған.

Сот талқылауы барысында «A» ЖШС-ның басшысы мемлекеттке келтірілген 261 миллион теңге залалды өтеген.

Сот үкімімен «A» ЖШС-ның басшысы кінәлі деп танылып, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР заңының талаптарын ескеріп, екі жыл алты айға шартты түрде жаза кесті.

Exit mobile version