Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуінің халық өміріне әсері жайлы зерттеудің нәтижесін жариялады.
Үкімет отырысына онлайн режимде қосылған Арман Шаққалиев нақты деректерге негізделген нәтижелер уақыт белдеуінің өзгеруі халықтың өмірінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсері болмағанын айқындайды деп мәлімдеп отыр.
Өңірлерде талқылау барысында депутаттары жұмыс кестесін ауыстыру арқылы жұмыс уақытын оңтайландырып жатыр. Шығыс Қазақстанның бірқатар ауданында – Катонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Күршім, Тарбағатай, Зайсан, Самар ауданы тұрғындарының жұмыс кестесі таңғы 08:00-ден кешкі 05:30-ға дейін өзгертілді, – деді Арман Шаққалиев.
Министрдің айтуынша, Шығыс Қазақстандағы мұндай өзгерістер халыққа қолайлы жағдай жасауға, кәсіби және жеке өмірдегі тиімділікті арттыруға бағытталған. Осындай тәжірибені бірлесіп, басқа өңірлерде қолдануға мүмкіндік беріледі дейді ол.