«Шымбұлақта» қар көшкіні жүрді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.
«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында үш шаңғышы сырғанау аймағынан шығып, қарлы беткейді кесіп өткен. Салдарынан қар көшкіні жүріп, тау етегіне шамамен 3,5 мың текше метр қар сырғып түскен. Осы себепке байланысты екінші аспалы жол уақытша жабылды, – делінген хабарламада.
Қазір тәртіп бұзғандар іздестіріліп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.