Басты бет Жаңалықтар Шерзат Болаттың әпкесі үйлі болды

Шерзат Болаттың әпкесі үйлі болды

Жеке мұрағатынан
Шерзат Болаттың әпкесі үйлі болды. Бұл туралы белсенді Димаш Қаматай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап отыр.

Бүкіл қазақ халқы қолдап, жанашыр бауырларымыз ортақ іске үлес қосып, алты баланың батыр анасы мен әкесі Перизат пен Айғазы үйлі болды. Қазақ халқына мың да бір алғыс айтқымыз келеді, – деді ол.

Шерзат Болаттың әпкесі Перизат Нұрымова да халыққа алғыс айтты. Айта кетейік, бір ай бұрын Перизат Нұрымова халықтан жылу жинайтынын айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 4 қазанда 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен.

Жасөспірім ауруханада қаза болды. 9 желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды. Ер адам өз-өзіне қол салған.

Exit mobile version