Басты бет Жаңалықтар Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған адам 2 айға қамауға алынды

Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған адам 2 айға қамауға алынды

Видео скрині
Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған адам 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлап отыр.

Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты 3 қылмыстық іс қозғалды. Кепілге алу (ҚК 261-бабы 2-бөлігі, 4-тармағы) – мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қару қолданып бұзақылық жасау (ҚК 293-бабы, 3-бөлігі) – 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Терроризм актісі туралы жалған хабарлау (ҚК 273-бабы) – 5000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – делінген хабарламада.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты екі айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Айта кетейік, бұған дейін пышақ ұстаған ер адамның Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алғаны туралы хабарлаған едік. Желіде оқиға орнынан видео пайда болған. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адамның қыздың шашынан тартып ұстап алғанын байқауға болады.

Exit mobile version