Басты бет Жаңалықтар Әуежай қызметкерін құтқарған Мұса Әбдірайымға «Ерлігі үшін» медалі табысталды

Әуежай қызметкерін құтқарған Мұса Әбдірайымға «Ерлігі үшін» медалі табысталды

Фото: Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Ерболат Досаев әуежай қызметкерін құтқарған Мұса Әбдірайымға «Ерлігі үшін» медалін табыстады.

Елімізге тыныштық, береке тілеймін. Қазақ елінде өсіп келе жатқан жастарымызға демеу болатын ерлердің өсуіне тілектеспін, – деді Мұса Әбдірайым.

Оған ақшалай сыйақы да табысталды. Айта кетейік, бұған дейін пышақ ұстаған ер адамның Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алғаны туралы хабарлаған едік. Желіде оқиға орнынан видео пайда болған. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адамның қыздың шашынан тартып ұстап алғанын байқауға болады.

Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алып, пышақпен қорқытқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Exit mobile version