Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.
Жер сілкінісі 8 наурызда Астана уақытымен сағат 08:29-да тіркелді. Сілкініс ошағы Зайсан қаласынан 48 шақырым жерде болған.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет түспеді, – деп жазылған ТЖМ таратқан хабарламада.
Жер сілкінісінің күші – 2 балл.