Басты бет Жаңалықтар Президент бірқатар әйел қауымын мемлекеттік наградалармен марапаттады

Президент бірқатар әйел қауымын мемлекеттік наградалармен марапаттады

Фото: Akorda.kz
Президент жарлығымен бірқатар сала мамандары мемлекеттік наградалармен марапатталады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Президент жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сонымен қатар әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында:

  • төрт еңбек ардагері;
  • 19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;
  • 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері;
  • алты кәсіпорын басшысы;
  • үш қоғамдық ұйым өкілі;
  • жеті мемлекеттік қызметкер;
  • алты құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.

Exit mobile version