Басты бет Жаңалықтар Маңғыстау облысында педагогтар жалған куәлікпен жұмысқа орналасқан

Маңғыстау облысында педагогтар жалған куәлікпен жұмысқа орналасқан

Фото Depositphotos.com
Бейнеу ауданының прокуратурасы жалған куәлікпен жұмысқа орналасқан педагогтарды анықтады. Бұл туралы Маңғыстау облысы прокуратурасы хабарлап отыр.

Білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде педагогтардың кәсіптік даярлықтан өткені туралы куәліктері жалған болып шыққан.

Мысалы, «Ә» есімді педагог 2024 жылғы наурыз айында SDU University университетінің (Алматы қаласы) «Арнайы педагогика» мамандығы «логопед-дефектолог» біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлікпен мектепте «педагог-психолог» лауазымында жұмыс істеген, — деп жазылған хабарламада.

Осыған ұқсас деректер аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы алты педагогтан анықталды.

Сот үкімімен жеті педагог Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл салынды.

Exit mobile version