Басты бет Қоғам Қазақстандағы әйелдер әлеуметтік желіде қандай контент жасап жүр?

Қазақстандағы әйелдер әлеуметтік желіде қандай контент жасап жүр?

Иллюстрация: Dribbble.com/©Ziyang
Әлеуметтік желіде #WomenOfTikTok хэштегі бойынша 2,6 миллионнан астам жарияланым бар. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында #8марта хэштегі бойынша 720 мыңнан астам видео және #WomensDay хэштегі бойынша 273 мыңнан астам видео жарияланған. Материалдан пайдалы әрі қызық контент жасайтын әйелдер туралы оқыңыз.

Ағартушылық миссия

Тізім Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Достық кентінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омаровадан басталады. Ол күрделі ережені қарапайым тілмен түсіндіріп береді. Ботагөз Омарова 2023 жылы #Қазақстанмұғалімдері байқауы жеңімпаздарының бірі болған. Ал 2025 жылы Discover List 2025 тізіміне кіріп, өзін халықаралық деңгейдг танытты. Discover list — TikTok пен оның қауымдастығына айтарлықтай әсер еткен әлемнің түкпір-түкпіріндегі 50 көрнекті креатордың тізімі.

Мәдениет пен дәстүр көпшілікке арналады

Әсел Бекжан — кілемдерге бірегей шедевр жасайтын суретші. Суретшінің сarpetart деген авторлық стилі бар. Сол стильді қолданып, түркі халықтарының тарихи және заманауи тұлғаларының портретін тоқыма бұйымдарға салады. Суретшінің ең әсерлі жобаларының бірі Ұлы дала патшайымдары мен амазонкалардан шабыттанған әйел бейнелерінің сериясы болды.

Өзін-өзі көрсету тәсілі

Стилист Аида Неко адамдарға өз стилін табуға және өзін сенімді сезінуге көмектеседі. Оның аккаунтынан киім арқылы өз ойын білдіруден қорықпауға үйрететін тренд шолуларды, келбетке қатысты кеңестерді және сән эксперименттерін көруге болады. Адамдар оған тренд үшін емес, өз стилін түсіну, базаны дұрыс таңдау және сұлулықты қарапайым нәрседен де көруді үйренуу үшін жазылады.

Кітапқа деген сүйіспеншілік

Айша Байділдаева әдебиетпен достасып, мыңдаған адамды жаңа кітап оқуға шабыттандырады. Креатор қысқа әрі креатив роликтер платформасының жыл қорытындысы бойынша #Китапток номинациясын жеңіп алған еді. Айша парақшасында кітап әуесқойлары қауымдастығын жия алды. Қауымдастықта жаңалықтар айтылып, оқыған кітап талқыланады және оқу керек кітаптар тізімі ұсынылады.

Аспанды бағындыру

Кәмшат Үмбетжанова авиацияны ішінен, яғни бортсеріктер көзімен көрсетеді. Оның роликтері бортсеріктің ылғи күлімсіреп тұрғанынан бастап, экипаждың жақсы жұмысының және борттағы мінсіз қызметтің арғы жағын білуге мүмкіндік береді. Кәмшат мифтерді жоққа шығарып, шын жағдайды көрсетеді. Оның контенті авиация саласында істеуді армандайтындарға мотивация да береді. Кәмшат бұл салаға келу үшін қандай дағды мен қабілет қажет екенін түсіндіріп отырады.

Музыка терапиясы

Жанель Саламатова — дарынды виолончелист. Ол парақшасын әлемдік хиттер, классика мен таңқаларлық саундтректер шырқалатын виртуал музыкалық сахнаға айналдырады. Оның музыкасы түрлі буынды біріктіріп, түрлі жанр жанкүйерінің жүрегіне жол табады. «F4. Жігіттің сабаздары» деген атақты корей телехикаясының саундтрегі, уақыт пен ғарыш туралы фантастикалық «Интерстеллар» драмасындағы аңызға айналған әуен және өзге де композициялар жүректерді жаулайды. Жанель қазақша әндерінің кавер-нұсқасын да айтады.

Саяхат өмір салты ретінде

Тревел-креатор Жұлдыз Рахмет жыл қорытындысы бойынша «Қазақстан бойынша гид» номинациясын жеңіп алған еді. Жұлдыз — журналист, зерттеуші және Қазақстанды мыңдаған көрерменге жақын еткен саяхатшы. Жұлдыз роликтерінде әйгілі көрікті жерлермен қатар туристердің көбі біле бермейтін ерекше орындар жайлы әңгімелейді.

Өткеннің құпияларын ашу

Шұғыла Меделбек — археологияны керемет көрініске айналдыратын бірегей креатор. Ол ежелгі артефактілерді көрсететін және өткеннің құпиясын ашатын шынайы қазба жұмыстарының видеосын жариялап отырады. Әр бейнероликте көрермен ежелгі өркениет ізі бірінен кейін бірі ашылғанын көріп, археологтардың жұмыс барысымен танысады және ғылыми жаңалықтарға қанық бола алады.

Exit mobile version