Басты бет Жаңалықтар Алматыда 2027 жылдан бастап көлік қозғалысы шектелуі мүмкін

Алматыда 2027 жылдан бастап көлік қозғалысы шектелуі мүмкін

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Алматыда 2027 жылдан бастап көлік қозғалысы шектелуі мүмкін. Бұл туралы Алматы әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Кездесуде Ерболат Досаевтан алдағы уақытта қаладағы көлік қозғалысы қаншалықты шектелуі мүмкін екені сұралды.

Біз транспорттық байланыс пен қоғамдық көліктің сапасына қатысты сұрақтарды шешкеннен кейін бұл мәселені қарастырамыз. Нью-Йоркте көлікке шектеулер енгізілгеннен кейін Манхэттенде көлік трафигі азайғанын жиі айтылды. Бірақ Нью-Йорк оған көп жыл дайындалды. Біздің болжам бойынша, 2026 жылдың соңына қарай көлік жүйесінің қаңқасы құрылса, 2027 жылы біз алғашқы шектеулерді енгіземіз. Бірақ шектеулер төлем арқылы болады. Мысалы, Алматыда тіркелген көлік заманауи талаптарға сай келмесе, кей аймақтарға кіру ол үшін ақылы болады. Электрлі көліктер не заманауи талаптарға сай көліктер үшін бұл тегін болады. Бұл жүйені алдымен әзірлеу керек және бұл бағытта біз жұмыс істеп жатырмыз, — деді қала әкімі.

Exit mobile version