Басты бет Жаңалықтар Үш облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Үш облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: Pavlodarnews.kz
«ҚазАвтоЖол» үш облыста көлік қозғалысы шектелгенін хабарлап отыр.

2025 жылғы 26 ақпан сағат 08:00 жағдай бойынша үш облыстағы бес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ұлытау облысы:

«Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 216-424 шақырым аралығы (Қызылорда облысының шекарасы-Жезқазған қаласы).

Қызылорда облысы:

«Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 12-216 шақырым аралығы (Қызылорда қаласы-Ұлытау облысының шекарасы)

Жетісу облысы:

«Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума ауылы-Достық станциясы).

«Сарыөзек–Көктал» автожолының 141-142 шақырым аралығында (Көнбе көпірі).

Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 470 арнайы техника мен 951 маман жұмылдырылды.

Exit mobile version