Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды?

Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 25 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, циклондар және олармен байланысқан фронтальды бөліктер әліде ҚР аумағының басым бөлігіне өз әсерін тигізетін болады, нәтижесінде елімізде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Түнде Ұлытау облысында, күндіз Қызылорда облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы ықтимал. Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, батысында қатты жауын-шашын күтіледі. Тек еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын болады, — делінген хабарламада.

Exit mobile version