Басты бет Жаңалықтар 2025 жылы қанша Қазақстан азаматы әскерге шақырылады?

2025 жылы қанша Қазақстан азаматы әскерге шақырылады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
2025 жылы 42 098 Қазақстан азаматы әскерге шақырылады. Үкімет қаулы қабылдады.

Қаулы бойынша, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері әскерге шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз етуге міндеттелді. Сонымен қатар 2025 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі 42 098 ер азамат шақырылады.

Сонымен қатар әкімдіктер ҚР заңнамасына сәйкес шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуге міндеттелген.

Еске салайық, 2024 жылы Қазақстанда 18 бен 27 жас аралығындағы 40 202 азамат әскери қызметке шақырылды.

Exit mobile version