Басты бет Жаңалықтар Ақтөбе облысында боран: полицейлер мыңға жуық көлікті алып жүрді

Ақтөбе облысында боран: полицейлер мыңға жуық көлікті алып жүрді

Фото: БҚО ТЖД
Ақтөбе облысында үшінші күн қатарынан боран соғып, жолдарда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді. Осыған байланысты полиция жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр.

ІІМ мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты полиция қызметкерлері шамамен мыңға жуық көлікті қауіпсіз бағытта алып жүрді.

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан патрульдік полиция қызметкерлері жолдағы тәртіпті қадағалап, шамамен мыңға жуық автокөлікті алып жүрді. Жүргізушілерден жолда мұқият болуды, көліктің техникалық жағдайын тексеруді және ауа райы тұрақтанғанға дейін алыс жолға шықпауды сұраймыз, — делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Құзырлы органдар жүргізушілерге алыс сапарға шығар алдында ауа райы болжамын мұқият қадағалауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласуды ұсынады.

Exit mobile version